Тауар жеткізуге жария оферта шарты
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы жария оферта Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес шектеусіз тұлғалар шеңберіне (бұдан әрі – Сатып алушы/Сатып алушылар) осы офертада келтірілген шарттарды сақтай отырып, тауар жеткізуге жария оферта шартын (бұдан әрі мәтінде – «Шарт») жасасу туралы жолданған «MP Solutions» ЖШС-ң ресми ұсынысы болып табылады.
2. Анықтамалар
2.1. Осы офертада, егер мәнмәтіні өзгеше талап етпесе, төменде келтірілген терминердің мағыналары келесідей болады:
"Тауар" - сатушы одан әрі қайта сату мақсатында үшінші тұлғалардан сатып алатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында сатуға рұқсат етілген және тапсырыста көрсетілген авто бөлшектер мен өзге де тауарлар;
«Сатушы» —«MP Solutions» ЖШС, БСН 230740041594
«Сатып алушы» — Сатушымен Шартты офертада келтірілген талаптарға сай жасасатын және Сатушының Интернет-дүкенінде Тауарға Тапсырыс беруге ниеті бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға;
«Интернет-дүкен» — Сатып алушының Сатушы мәтінде және фотосуреттерде, интернет жеоісінің көмегімен ұсынған Тауардың сипаттамасымен танысуының негізінде Интернет желісі (https://www.podkapotom.kz сайты) арқылы Тауарларды көтерме және бөлшек сатып алу-сату үшін құрылған Сатушының дүкені.
«Тапсырыс» — Интернет-дүкеніндегі Тауарлар тізбесінен жекелеген позицияларды/ассортиментті таңдап алу, осы таңдап алуы осы Шартқа қосылуға өтініш болып табылады. Өтінім оны Сатып алушының уәкілетті тұлғасы растаған кезде күшіне енеді;
«Тапсырысты төлеу» - Тапсырыс үшін ұсынылған тәсілдердің бірімен (төлем картасының, интернет-банкингтің және т.б. көмегімен) төлем жасау.
«Тараптар» - бірге айтылған жағдайда «Сатып алушы» және «Сатушы».
«Акцепт» — Сатып алушының өз атынан, сондай-ақ оның жеке кабинетін пайдаланатын тұлғалардың атынан осы офертаның талаптарын сайтта пайдаланушы ретінде тіркелу арқылы толық және сөзсіз қабылдауы.
3. Негізгі талаптар
3.1. Осы оферта Интернет-дүкенде Тауарларды жеткізуді реттейді, соның ішінде Сатып алушының Тауарларды өз еркімен таңдауын; Сатып алушының Тапсырысты өз бетінше рәсімдеуін және Тауар үшін төлем жасауын; осы офертаның талаптарының негізінде Тапсырыс бойынша Тауарды Сатып алушыға жеткізуді және өңдеуді. Осы Шарт қашықтан жасасу тәсілімен жасалды, екі жақты қол қоюды талап етпейді және электрондық түрде жарамды болып табылады.
3.2. Сатып алушының осы Шартты жасасуға Сатып алушының ұсынысын толық және сөзсіз қабылдау сәті (акцептісі) Сатып алушының Тапсырысты осы оферта талаптарына сай, Сатушының https://www.podkapotom.kz интернет-сайтында көрсетілген Тауар бағасымен және мерзімдерде рәсімдеу дерегі болып табылады.
3.3. Тапсырысты рәсімдеу арқылы Сатып алушы өзінің Сатып алушының осы ұсынысының (офертаның) талаптарымен келісетінін және оларды сөзсіз қабылдайтынын растайды.
3.4. Осы офертаның талаптарын қабылдай отырып (Тапсырысты рәсімдеу арқылы), Сатып алушы мыналарды растайды:
3.4.1. Сатып алушы Шарт жасасуға осы ұсыныстың (офертаның) талаптарымен толықтай және тұтастай танысты және олармен келіседі. Сатып алушы Интернет-дүкенде тіркелу ережелерімен, сондай-ақ төлеу, жеткізу талаптарымен және Интернет-дүкеннің сайтында орналастырылған басқа ақпаратпен танысты;
3.4.2. Сатып алушы Сатушыға дербес деректерді жинауға және өңдеуге (соның ішінде трансшекаралық беруге), дербес деректерді Сатып алушының Интернет-дүкеніндегі жеке кабинетінде көрсетуге өз келісімін береді. Осы тармақтың мақсатына сай дербес деректерді өңдеуге: жинау, жүйелендіру, бір жерге жинау, сақтау, статистикалық, маркетингтік және басқа мақсаттарда пайдалану, электрондық хаттарды, SMS-хабарламалар мен Push-мәлімдемелерді жіберу, акциялар туралы ақпараттандыру, осы офертаның мақсаттарын орындау үшін пайдалану және басқа да іс-қимылдар жасау жатады. Сатушы Сатып алушының дербес ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге заңсыз іс-қимылдарынан қорғау үшін қажетті және жеткілікті шараларды қабылдауға міндеттенеді. Сатушы сайтта тіркелу және Тапсырыстарды рәсімдеу кезінде Сатып алушы ұсынатын ақпараттың мазмұны, толықтығы және анықтығы үшін жауапкершілік көтермейді. Бұл жауапкершілікті Сатып алушы өзіне алады.
4. Тапсырысты сайтта рәсімдеу тәртібі
4.1. Сатып алушы Тапсырысты Интернет-дүкенде жеке кабинет арқылы өз бетінше рәсімдейді. Тапсырысты рәсімдей отырып, Сатып алушы бір уақытта Тауарды жеткізу және төлеу талаптарымен келіседі.
4.2. Сайтта Тапсырысты рәсімдеу үдерісін аяқтаған соң оған автоматты түрде бірегей сәйкестендіру нөмірі («тапсырыстың №») беріледі.
4.3. Тапсырысты алған соң Сатушы Тапсырыстағы деректерге сәйкес оны өңдеуге кіріседі:
- Сатушы Тапсырыстағы Тауарлардың болуын тексереді;
- Салмағы өлшенетін тауарды Сатушы тапсырыстағы Сатып алушы тапсырыс берген салмақтың жанындағы оның қорытынды нақты салмағына сәйкес түзетіледі;
- Қоймада тауар позициялары болмаған жағдайда Сатушы көрсетілген телефон нөмірі бойынша Сатып алушымен байланысады және Тапсырысты түзетеді – тауар позицияларын қосады/ауыстырады, немесе Сатып алушының талабы бойынша Тапсырыстан/Тапсырыстың бір бөлігінен бас тартады;
- Егер Сатушы Сатып алушымен ол берген телефон нөмірі бойынша Тапсырысты құрастыру басталғанға дейін байланыса алмаса, Тапсырысты әрі қарай түзету жүргізілмейді, ал салмағы өлшенетін тауар Сатушының қарап білгенінше Тапсырыста Сатып алушының көрсеткен салмағының жанында ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетіледі;
- Егер Тапсырыстары тауарлар қолда болмаса және Сатушы Сатып алушымен ол берген телефон нөмірі бойынша байланыса алмаса, Сатушы сондай-ақ Тапсырыстың күшін жоюға құқылы.
4.4. Сайтта орналастырылған Тауарлар туралы барлық ақпарат Тауар өндірушілер/жеткізушілер берген тапсырыс беріліп жатқан Тауарлардың белгілі бір қасиеттері және сипаттамалары туралы ақпаратты көрсетеді.
4.5. Сатып алушыда Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдау үшін қажетті, Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларын қатысты сұрақтар пайда болған жағдайда Тапсырысты рәсімдегенге дейін Сатып алушы Сатушыға жүгінуге құқылы. Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін жүгінбеген жағдайда Сатып алушы Тауарды таңдау үшін жауапкершілікті өзі көтереді.
4.6. Тауарды Сатып алушыға беру міндеті Тауарды Сатып алушыға берген кезде саны мен сапасы бойынша Сатушының тарапынан орындалған болып саналады. Тауарды меншіктену құқығы Сатып алушыға ол қорларды шетке босатуға арналған жүкқұжат бойынша Тауарды алған сәттен бастап ауысады.
4.7. Сатып алушының өз аккаунтының есеп жазбасының деректемелерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ және ол олардың құпиялылығын өзі сақтауға міндетті. Тараптар Сатып алушының жеке кабинетіне қол жеткізу деректемелерінің көмегімен жасалған барлық іс-қимылдарды Сатып алушы жасаған, Сатып алушының еркі және келісімі бойынша жасалған деп санауға келісті. Сатушы Сатып алушының алдында сайттағы жеке кабинеттің деректемелерін заңды немесе заңсыз бергеннен Сатып алушыға келтірілген кез келген залал үшін жауапкершілік көтермейді.
4.8. Сатушы телефон арқылы әңгімелесулерді жазып алуға, оларды сақтауға, пайдалануға, үшінші тұлғаларға беруге құқылы. Телефон арқылы әңгімелесулер белгілі бір мақсатпен, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Тапсырыстардың орындалу сапасын бақылау үшін, сондай-ақ Сатып алушыларға (оның өкілдеріне) қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында жазып алынады.
4.9. Сайтты пайдалану кезінде Сатып алушыға:
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған/оған сай келмейтін, қоқан-лоққысы бар, басқа Сатып алушылардың немесе үшінші тұлғалардың беделін түсіретін немесе қорлайтын, тұрпайы, әдепсіз болып табылатын, алаяқтық сипаты бар, жеке немесе көпшілік мүдделерге қол сұғатын, нәсілдік, діни, этникалық өшпенділікті немесе алауыздықты насихаттайтын кез келген ақпаратты, адамның және азаматтың заңмен қорғалатын құқықтарын бұзатын кез келген басқа ақпаратты жүктеп алуға, жариялауға, басқаларға беруге және көпшіліктің назарына басқа жолмен жеткізуге (бұдан әрі - орналастыруға);
- Аккаунтты Сатып алушы болып табылмайтын басқа тұлғаның атынан тіркеуге (жалған аккаунт), немесе тұлғалар тобының аккаунтын тіркеуге;
- Сайтта телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын, жеке басын куәландыратын деректерді және кез келген үшінші тұлғалардың басқа дербес деректерін олардың осындай әрекеттерге өздерінің берген келісімінсіз орналастыруға тыйым салынады;
- Сатушы сайтты арам жолмен пайдаланды, сол сияқты техникалық, бағдарламалық құралдарды құқығын теріс пайдалану үшін қолданды деген күмән тудырған Сатып алушыларға шектеу шараларын (оған қоса, бірақ онымен шектелмей, аккаунтты бұғаттау) бір жақты тәртіппен қолдану құқығын өзіне қалдырады.
5. Тапсырысты төлеу тәртібі
5.1. Сатып алушы Тапсырысты ұсынылған тәсілдердің бірімен, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, төлемді екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттардың көмегімен жасау арқылы, қолма қол ақшамен және т.б. амалдармен, ҚҚС ескере отырып, теңгемен төлейді.
5.2. Тапсырысты Сатып алушы:
5.2.1. «онлайн» төлеген жағдайда Тапсырысты рәсімдеген сәттен бастап 5 (бес) минуттың ішінде, немесе
5.2.2. шот бойынша төлеген жағдайда Тапсырысты рәсімдеген күннен бастап 2 (екі) банктік күннің ішінде, немесе
5.3. Сатып алушының тиісті Тапсырыс бойынша Тауарды төлеу бойынша міндеттемелері ақша қаражаттары толық көлемде Сатушының банк шотына келіп түскен сәттен бастап орындалған болып саналады.
6. Сапасыз Тауарды жеткізу және қайтару (айырбастау) талаптары
6.1. Тапсырысты жеткізу Сатушының және/немесе көлік компаниясының күшімен Сатып алушының Тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсеткен мекенжайына және деректеріне жүзеге асырылады.
6.2. Тапсырыс берілген Тауарға меншік құқығы, сондай-ақ Тауарды кездейсоқ бүлдіріп алу (жойылу) немесе зақымдау қаупі Тауарды қорларды шетке босатуға арналған жүкқұжат бойынша Сатып алушыға (оның өкіліне) берген кезде, Сатушыдан Сатып алушыға немесе Сатып алушының алушы ретінде көрсеткен тұлғасына ауысады.
6.3. Тапсырысты қабылдаған кезде Сатып алушы (оның өкілі):
6.3.1. Тауар қаптамасының сыртында зақымдардың болмауын тексеруге;
6.4. Сатушы Тапсырыста Сатып алушымен келіскен жеткізу күні мен уақытын сақтау үшін бар күшін салады, алайда жеткізудегі кідірістер Сатушының кінәсінен болмаған күтпеген жағдайлардың себебінен орын алуы мүмкін. Мұндай кідірістер Сатып алушыға тапсырыс берілген Тауардан бас тарту құқығын бермейді.
6.5. Сатушы Тапсырыс бойынша рәсімделген Тауарды Сатып алушы көрсеткен жеткізу мекенжайы бойынша жеткізеді. Егер рәсімнен өтпеген/жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмеген болса, Сатушы Тауарды берер алдында Сатып алушыны идентификациялауға және Тауарды беруден бас тартуға құқылы.
6.6. Тапсырысты жеткізу орнына апаратын жол болмаған жағдайда ол Сатып алушыға (оның өкіліне) жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болған жерде тапсырады.
6.7. Тауарлар Сатып алушыға немесе Тапсырысты алушы ретінде көрсетілген тұлғаға, немесе Сатып алушы және/немесе алушы уәкілеттік берген тұлғаға, немесе жеткізілетін мекенжайда Тауарды қабылдайтын тұлғаға тапсырылады. Жеткізілген Тауарды қабылдау дерегімен Сатып алушы және/немесе алушы Тауардың санына, сапасына, жиынтықталуына және сыртқы түріне шағымдарының жоқтығын растайды.
6.8. Сайтта онлайн төленген, тапсырыс берілген Тауарды тапсырған кезде Сатушының тапсырыс берілген Тауарды жеткізетін өкілі Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге құқылы, бірақ міндетті емес. Бұл іс-әрекеттер алаяқтық жағдайларын болдырмауға бағыталған.
6.9. Сатып алушы Сатушыға (оның өкіліне) тапсырыс берілген Тауарды берілу дерегін белгілеп алу үшін Тауарды алушыға беру дерегін суретке түсіріп алуға келісімін береді.
6.10. Сапасыз Тауарды қайтарумен (айырбастаумен) байланысты мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін ескере отырып, Тараптардың келісуі бойынша шешіледі.
6.11. Сатып алушы себебін түсіндіре отырып, тапсырыстан бас тартуға және/немесе тапсырысты жеткізу уақытын, күнін басқа кез келген уақытқа немесе мекенжайын өзгертуге құқылы.
6.12. Сатып алушыға сапасыз немесе зақымдалған Тауар жеткізілген жағдайда Сатып алушы өз шағымын осы офертада және сайтта көрсетілген байланыс деректері бойынша, жүгіну себептерін көрсете отырып және сапасыз немесе зақымдалған тауардың фотосуреттерін қоса тіркей отырып жіберуге құқылы. Бұл жағдайда Сатушы не сапасыз немесе зақымдалған тауардың орнына Тараптар келіскен мерзімнің ішінде сапалы тауарды жеткізуге, не ақша қаражаттарын қайтаруға құқылы. Сатушы Тауарды онлайн-қайтару құқығын Сатып алушы теріс пайдаланып жатыр деп күмәнданған жағдайда Сатушының Тауарды онлайн-қайтарудан бас тартуға құқығы бар.
6.13. Сатушы мен Сатып алушының екінші деңгейдегі банктерінің талаптарына сәйкес ақша қаражаттары Сатып алушының банк шотына 7 (жеті) жұмыс күнге дейінгі уақыттың ішінде қайтарылады.
6.14. Сапасыз немесе зақымдалған Тауар Шарттың 6.12-тармағын және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, айырбасталады немесе қайтарылады.
7. Тараптардың құқықтары және міндеттері
7.1. Сатушы міндетті:
7.1.1. Осы Шарттың талаптарын орындауға;
7.1.2. Сатып алушыға Тауарды Интернет-дүкенде таңдап алынған үлгіге, рәсімделген Тапсырысқа және осы Шарттың талаптарына сай табыстауға;
7.1.3. Тауарды Сатушының қоймасында қаптаған кезде оның сапалық және сандық сипаттамаларын тексеруге.
7.2. Сатушы құқылы:
7.2.1. Сатып алушы осы Шарттың талаптарын айтарлықтай бұзған жағдайда бір жақты соттан тыс тәртіппен осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға.
7.2.2. Осы офертаны бір жақты өзгертуге және толықтыруға, соның ішінде Тауарларды сату талаптарын және (немесе) тәртібін, Тауарлардың санын және (немесе) жиынтықталуын, олардың құнын өзгертуге. Осы офертаға өзгертулерді және (немесе) толықтыруларды енгізгеннен кейін Сатып алушының сайтты пайдалануды жалғастыруы Сатып алушының осындай өзгертулермен және (немесе) толықтырулармен сөзсіз келіскенін және олардың қабылдайтынын білдіреді.
7.2.3. Осы офертаны орындау бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға Сатып алушымен келіспей беруге, сондай-ақ осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға.
7.3. Сатып алушы Тапсырысты осы Шарттың талаптарына сай уақтылы төлеуге және алуға міндетті.
7.4. Сатып алушы құқылы:
7.4.1. Тауарды осы Шарттың талаптарын сақтай отырып сатып алуға;
7.4.2. Сатушыдан осы Шарттын талаптарын орындауын талап етуге.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартта көзделген тәртіппен, ал онда көзделмеген бөлігінде – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
8.2. Сатушы мыналар үшін жауапкершілік көтермейді:
8.2.1. өндіруші өзгерткен Тауардың сыртқы түрі (қаптамасы);
8.2.2. оның бақылауынан тыс себептер бойынша орын алатын қызметтерді (Тапсырысты өңдеу, жеткізу бойынша) ұсынудағы кідіріс пен іркілістер үшін;
8.2.3. Сатып алушының өз желілік идентификаторларын – ІР, МАС-мекенжайын, логинін және құпиясөзін, ЭЦҚ кілттерін және т.б. үшінші тұлғаларға бергені үшін.
8.3. Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған және әсер еткен жағдайда Тараптар осы Шарттың талаптарын орындаудан босатылады. Осы Шарттың мақсаттарына сай еңсерілмейтін күш жағдайлары деп төтенше, күтпеген сипаттағы, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын болдырмайтын немесе объективті түрде кедергі жасайтын, басталуын Тараптар алдын ала болжауы мүмкін болмаған және орынды амалдармен алдын кесе алмаған оқиғаларды айтады.
8.4. Сатып алушы осы Шарттың мәні болып табылатын Тауардың сипаттамалары немесе қасиеттерін дұрыс таңдамаған жағдайда Сатушы жауапкершілік көтермейді.
9. Басқа талаптар
9.1. Сатып алушының Интернет-дүкенде рәсімделген Тапсырысты төлеуі Сатып алушының осы Шарттың талаптарымен толық және сөзсіз келісетінін білдіреді және Сатып алушы мен Сатушының арасындағы Тауарды жеткізу шартын нақты жасасу күні болып табылады.
9.2. Сатып алушы беретін ақпарат құпия болып табылады. Интернет-дүкен Сатып алушы (оның өкілдері) туралы ақпаратты тек қана Тапсырысты өңдеу, Сатып алушыға хабарламалар жіберу, Тауар жеткізу, өзара есеп айырысуларды жасау және т.б. мақсаттарында пайдаланады.
9.3. Кез келген себеппен жеткізілмеген Тауар үшін төленген ақша қаражаттары тек қана Сатып алушының жазбаша өтінішінің негізінде, Сатушыға төлем жасау үшін қолданылған Сатып алушының банк шотына, Интернет-дүкеннің электрондық поштасына Сатушының нысаны бойынша осындай өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) банктік күннің ішінде қайтарылады.
10. Шарттың қолдану мерзімі
10.1. Осы Шарт Сатып алушы Сатушының жария офертасын акцепттеген сәттен бастап жасалған болып саналады және күшіне енеді. Ол үшін Сатып алушы Интернет-дүкеннің сайтында Тапсырысты рәсімдейді және растайды және Шарт Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
10.2. Осы Шарт келесі жағдайларда бұзылуы мүмкін:
10.2.1. Тараптардың келісуі бойынша;
10.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен.
10.3. Осы Шартта көзделген қалған жағдайлардың барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
10.4. Сатып алушы осы талаптарды түсінгеніне, және оларды сөзсіз және толық көлемде қабылдайтынына кепілдік береді.
10.5. Шарт әр Тарап үшін бір данадан, заңды күші бірдей екі данада жасалды.
«MP Solutions» ЖШС
Бас директор /Суеркулов Н.Э.