Құпиялылық саясаты
Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») «MP Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Орындаушы») Сізден (пайдаланушылардан) Сіздің веб-сайтты (оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Интернет желісінде https://www.podkapotom.kz мекенжайы (Интернет-дүкен) бойынша орналастырылған), бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылатын қолданбалы бағдарламаларды (соның ішінде Орындаушының және оның үлестес тұлғаларының мобильдік құрылғыларына арналған бағдарламаларын (мобильдік қосымшаларды)) (бұдан әрі барлығы бірге – «Сервис» деп аталады) пайдалануыңыздың барысында, сондай-ақ Орындаушының Сервисті Сіздің пайдалануыңызға байланысты Сізбен жасалған және жасалуы жоспарланған кез келген шарттарды/келісімдерді орындауы барысында алуы мүмкін бүкіл ақпаратқа, оған қоса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дербес болып саналатын деректерге қатысты қолданылады.
Орындаушы өз серіктестерінен (бұдан әрі – «Серіктестер»), сайттардан, бағдарламалардан, өнім/тауар сатушылардан/жеткізушілерден немесе Сіз пайдаланатын сервистерден (мысалы, Орындаушының жарнама берушілерінен), яғни Орындаушы көліктік, пошталық жеткізілімдер, веб-сайттар хостингі, Сервистердің ақпараттық жүйелерінің хостингі, сауалнама жүргізу, нарықты талдау, маркетингтік қызметтерді көрсету, жарнама бойынша серіктестік, Орындаушы көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту үшін басқа да сервистерді көрсету, тауар салу, консалтингтік қызметтер сияқты қызмет көрсету туралы шарт/келісім жасасқан жеке және/немесе заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден дербес деректерді ала алады. Дербес деректерді тек қана Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және Орындаушы мен әр Серіктестік арасында жасалған шарттардың/келісімдердің негізінде беруге рұқсат етіледі.
Сіз Сервисті пайдалана алуыңыз үшін Сіздің дербес деректеріңізді Орындаушы жинайды және пайдаланады.
Негізгі түсініктер
«дербес деректер» – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне (жеке тұлғаға) қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер. Дербес деректерге тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, ұйымның атауы, атқаратын лауазымы, телефон нөмірі, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, электрондық пошта мекенжайы, жеткізу мекенжайы, Сервистегі есеп жазбасына кіруге арналған логин, және басқа да жеке және/немесе іскерлік байланыс ақпараты жатқызылуы мүмкін.
«дербес деректерді жинау» - дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер.
«дербес деректерді өңдеу» – дербес деректерді жинауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, соның ішінде трансшекаралық беруге, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған, автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректермен жасалатын кез келген іс-қимыл немесе іс-қимылдар жиынтығы.
«дербес деректердің құпиялылығы» - Орындаушы және дербес деректерге қол жеткізуге рұқсат алған басқа тұлға сақтауға міндетті олардың дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе басқа заңды негізсіз таралуына жол бермеу талабы.
«Пайдаланушы» - podkapotom.kz сервисін пайдаланушы, атап айтқанда Орындаушымен Сервис арқылы өз атынан өзара әрекеттесетін жеке тұлғалар, немесе олар өкілі болып табылатын заңды тұлғаның атынан және мүддесінде әрекет ететін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер. Сондай-ақ «Пайдаланушы» түсінігіне тіркелген пайдаланушылар, есеп жазбасы жоқ пайдаланушылар (қонақтар), авторланбаған пайдаланушылар, соның ішінде Орындаушымен шарт/келісім жасасқан немесе Пайдаланушының (заңды/жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) уәкілетті өкілі болып табылатын тұлғалар жатады.
«дербес деректерді қорғау» - «Дербес деректер және олардың қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Заң») белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, соның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені.
1. Жалпы ережелер
Орындаушы Пайдаланушылардан олар сұрататын қызметтерді ұсыну, тауарларды сату үшін қажетті ақпаратты, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Орындаушыға байланыс орталығы арқылы кеңес алу үшін жүгінген кезде, тауарды Сервис арқылы сатып алған және қайтарған кезде, маркетингтік бағдарламаларға қатысу, пікір алу және т.б. үшін ақпарат сұрата алады. Сондай-ақ Пайдаланушылар Орындаушыға өз дербес деректерін Орындаушының Сервисінде тіркелген кезде береді. Пайдаланушылардың Орындаушыға беретін дербес деректері, соның ішінде мобильдік қосымшада және/немесе Интернет-дүкенде орналастырылған Жария офертада көрсетілген.
Пайдаланушылардың дербес деректерін Орындаушының жинауы және өңдеуі үшін негізге сонымен бірге Пайдаланушылардың Жария офертаны қабылдауы (акцептісі) жатады. Бірқатар жағдайларда Орындаушы Пайдаланушылардың мүдделерін қорғау немесе Орындаушының мүдделерін қорғау үшін заң бойынша өз міндеттерін орындау мақсатында дербес деректерді жинайды.
Орындаушы мына жағдайларда дербес деректерді жинауы, өңдеуі және пайдалануы мүмкін:
- Сіз Орындаушының Сервисіне кез келген құрылғыдан қол жеткізуге рұқсат аласыз және деректерді Орындаушыға бересіз немесе Орындаушымен осы Саясатқа сәйкес кез келген нысанда байланысасыз;
- Сіз Орындаушыға сұрақпен, шағыммен жүгінесіз, өз пікірлеріңізді немесе ескертулеріңізді және ұсыныстарыңызды жібересіз (атыңыз, байланыс дерегіңіз және жүгінудің мазмұны сияқты деректерді бересіз). Мұндай жағдайларда Орындаушы ұсынылған дербес деректерді тек қана жүгінуге жауапты дайындау және мәселені белгіленген тәртіппен қарау мақсатында пайдаланады;
- Орындаушы қызметтерді көрсетеді, өз Пайдаланушыларына тауарларды сатады (жеткізеді);
- Орындаушының автоматты түрде жинайтын деректері (Пайдаланушының Сервисті пайдалануы туралы мәліметтер, техникалық деректер, оған қоса, бірақ онымен шектелмей: ІР-мекенжай, браузер деректері, пайдалану тілі және Пайдаланушылардың операциялық жүйесі туралы деректер);
- Орындаушының серіктестерден және Орындаушымен тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа тұлғалардан Пайдаланушылар сұрататын қызметтерді ұсыну, тауарларды сату барысында алатын Пайдаланушылар туралы деректері.
2. Дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау қағидалары. Дербес деректерді қорғау
- дербес деректер заңды және тиясыз негізде өңделеді;
- өңдеуге тек қана дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сай келетін деректер жатады;
- өңделетін дербес деректердің мазмұны мен көлемі өңдеудің мәлімделген мақсаттарына сай келеді. Өңделетін дербес деректер оларды өңдеудің мәлімделген мақсаттарына қатысты артық болып табылмайды;
- дербес деректерді өңдеу нақты, алдын ала анықталған және заңды мақсаттарға жетумен шектеледі;
- Орындаушы дербес деректердің қауіпсіздігін оларды өңдеу кезінде қамтамасыз еу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
- Орындаушы дербес деректер субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды және дербес деректерді өңдеу кезінде оларды қорғауды қамтамасыз етеді;
- өз қызметтерін көрсету үшін дербес деректерді өңдеуге қажеттілік туындаған кезде, тауарларды сату (жеткізу) кезінде Орындаушы өз Пайдаланушыларынан тиісті тұлғаның келісімін алуын және дербес деректер субъектілеріне олардың деректерін пайдалану туралы қажетті ақпарат беруін өтінеді.
- Дербес деректерді сақтау кезеңі өңдеу мақсаттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына байланысты. Орындаушы дербес деректерді оларды жинау және өңдеу мақсаттарын орындау, сондай-ақ Орындаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында, соның ішінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамада көзделген міндеттемелерін орындау үшін қажетті болғанға дейін сақтайды, содан кейін Орындаушы дербес деректерді жояды/өшіреді.
- Дербес деректерді сақтау кезеңін анықтау үшін Орындаушы дербес деректердің сипаты мен сезгіштігін, дербес деректерді заңсыз пайдаланудан зиян келтірілу қаупін, Орындаушы дербес деректерді жинаған кезде көздейтін мақсаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескереді.
- Пайдаланушы Орындаушыдан оны есеп жазбасын жоюын сұрауы мүмкін. Есеп жазбасы, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, аты, тегі, ЖСН, телефон нөмірі, электрондық поштасы, жынысы, туған күні және коммуникация тілі өшіріледі. Бұл ретте Пайдаланушының Сервиспен өзара әрекеттесуі туралы ақпарат, тауарларды сатып алудың электрондық және қағаз түріндегі тарихы сақталады.
Дербес деректерді қорғау:
- Орындаушы Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық шараларды қабылдайды. Орындаушы Пайдаланушылардың дербес деректерін көпшілікке қолжетімді дереккөздерде таратпайды. Орындаушы қабылдайтын қорғау шаралары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай.
Пайдаланушылардың міндеттері:
- Орындаушыға дербес деректерге қол жеткізуге рұқсат бере отырып, Пайдаланушы олардың дұрыстығына кепілдік береді, сондай-ақ Орындаушыға дербес деректердегі өзгерістер туралы хабарлап тұруға міндеттенеді. Егер Пайдаланушының деректері дұрыс болмаса, онда Орындаушы Пайдаланушыларға тауарларды сату (жеткізу) және/немесе қызмет көрсету кезінде қиындықтарды бастан кешіруі мүмкін немесе Пайдаланушылардың алдында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелерін орындай алмайды.
Орындаушы Пайдаланушыларға Сервиске қол жеткізуді жүзеге асыру кезінде қолданылатын дербес құрылғыларды, құпиясөздерді және жеке ақпаратты қорғаудың базалық шараларын, соның ішінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- сенімді құпиясөздерді сақтау, мерзім сайын құпиясөздерді жаңартып тұру, құпиясөздер мен есеп жазбасының атауларын қауіпсіз сақтаудың базалық шараларын сақтау;
- электрондық поштаға, телефон қоңырауына, мессенджерге келіп түскен хабарламаға немесе хатқа құпиясөзді, жеке басын куәландыратын деректерді немесе банк картасы деректерін немесе басқа мәліметтерді сұратып отырған кез келген адамға жауап бере отырып сақ болу. Мұндай деректерді бермеу, деректерді ұсыну туралы алынған сұрауға қатысты жағдайды анықтау үшін Орындаушының байланыс орталығына қоңырау шалу;
құпиясөзді және банк картасының нөмірін тек қана Интернет-дүкендегі қауіпсіз байланыс арқылы енгізу;
Уәкілеттігі жоқ тұлғалардың дербес деректерді қол жеткізуге рұқсат алудан туындаған жағымсыз салдар үшін бүкіл жауапкершілікті Пайдаланушы толық көлемде өзі көтереді.
3. Орындаушы жинайтын деректер
Сіз туралы Орындаушының Сервисті Сіз пайдаланған кезде жинаған дербес деректері Орындаушының Сіздің өз есеп жазбаңызды орындауыңыздың шеңберінде жинаған басқа дербес деректерімен салыстырылуы және байланыстырылуы мүмкін. Орындаушы Сіз ұсынған дербес деректерді тексермейді және олардың дұрыстығы туралы, сондай-ақ сіздің дербес деректеріңізді ұсыну үшін жеткілікті құқық қабілеттілігіңіздің бар немесе жоқтығы туралы пайымдай алмайды.
Дегенмен де Орындаушы Сіздің анық және жеткілікті дербес деректерді беретініңізге, сондай-ақ оларды дер кезінде жаңартып тұратыныңызға сүйенеді.
Орындаушы деректердің келесі типтерін жинай алады:
- Орындаушының Сервисінде ақпарат жолдарын толтыру кезінде, соның ішінде байланысу нысанын толтыру кезінде Орындаушыға сіздің беретін дербес деректеріңіз;
- дербес деректер және сіздің Орындаушыға жіберетін және телефон байланысы арқылы ауызша беретін хабарламаларыңызда қамтылған басқа да ақпарат, оған қоса электрондық хабарламаларға, хаттарға салымдар;
- электрондық деректер (HTTP-тақырыпаттары, IP-мекенжай, cookie файлдары, вебмаяктар/пиксельдік тегтер, браузердің идентификаторы туралы деректер, аппараттық және бағдарламалық жасақтама туралы ақпарат, wi-fi желісінің деректері);
- геолокация туралы ақпарат;
- сіздің Орындаушының кеңсесіне барған кезде Орындаушыға беретін дербес деректеріңіз;
- банк картасының нөмірі және оның жарамдылық мерзімі;
- Орындаушының өз Серіктестерінен Сіз бен тиісті серіктестік арасында жасалатын келісімдердің/шарттардың, және Орындаушы мен серіктестік арасында жасалған шартттардың/келісімдердің талаптарына сәйкес алатын Сіз туралы ақпараты;
- Орындаушыға қызмет көрсету және кәсіби кеңес пен қызметтердің нәтижелерін ұсыну немесе алу мақсатында алуы және өңдеуі қажет дербес деректер.
Орындаушы елеулі дербес деректерді (нәсілдік тегі, саяси көзқарастары, денсаулығы туралы ақпарат және биометриялық деректер) мақсатты түрде жинамайды. Бұл ретте Сіз Орындаушының мұндай өңдеуге Сіздің келісіміңізді Орындаушыға сіз бере алмайтын дербес деректердің әлеуетті елеулі сипаты туралы алдын ала хабардар болмағандықтан сұрата алмайтынын ескеруіңіз керек.
Орындаушы Пайдаланушының «портретін» құру мақсатымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін дәрежеде деректер жинамайды.
4. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
Орындаушы Сіздің дербес деректеріңізді тек қана олар ұсынылған мақсаттарда ғана өңдей алады, соның ішінде:
- Сіздің Орындаушының Сервисінде Сізге жекелеген бөлімдерге қол жеткізуге рұқсат беру, оған қоса есеп жазбасын ұсыну үшін тіркеу және т.б.;
- Орындаушының Сіздің алдыңыздағы, сондай-ақ өз Пайдаланушыларының алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауы, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Сервистің жұмысын қамтамасыз етуі;
- Сізге Орындаушы және оның қызметтері туралы ақпарат беру;
- Сізге тапсырыс беруге қолжетімді тауарлар туралы ақпарат беру;
- Сіздің жүгінулеріңізге орай әрекет ету және қосымша ақпарат беру туралы сұрауларға жауаптарды беру;
- Орындаушының қызметін және көрсететін қызметтерін, оған қоса тауарларды сатуды (жеткізуді) дамыту;
- қызмет көрсету және жаңа Пайдаланушыларды тарту мақсатында Орындаушының жұмыскерлеріне дербес деректерді беру;
- қажеттіліктері ұқсас Пайдаланушыларды анықтау;
- нарықтық үрдістерді, өзара қатынастар сызбаларын және тауарларды сатуды жүзеге асыру үшін перспективаларды талдамалық зерттеуді орындау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттемелерді сақтау;
қызметті және көрсетілетін қызметтерді басқару және оларды дамыту үдерістерін әкімшілендіру үшін, соның ішінде:
- Орындаушының Пайдаланушылармен қатынастарын басқару;
- Орындаушының көрсететін қызметтерін және жұмыс бағыттарын дамыту (атап айтқанда, Пайдаланушылардың қажеттіліктерін және қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін мүмкіндіктерді анықтау);
- тиісті ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және пайдалану;
- Сервисті әкімшілендіру және оны басқару;
қауіпсіздікті, сапаны қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару үшін, соның ішінде:
- қауіпсіздікке төнген қауіптерді анықтай, тергеу және жою;
- Пайдаланушыны қабылдаудың және онымен шарт жасасудың стандартты рәсімдерінің шеңберінде Пайдаланушыларға қатысты қызметтердің сапасын және тәуекелдерді басқаруды бақылау;
- Сіздің келісіміңізбен басқа мақсаттар үшін.
Орындаушы:
- Орындаушының Сервисінің жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Орындаушы Сервисінің жұмыс сапасын жақсарту;
- Пайдаланушылардың профильдерін әкімшілендіру, кемшіліктерді іздеу және жою, есептілікті жүргізу және деректерді орналастыру, Сервисті басқару мақсатымен басқа да әкімшілік іс-қимылдарды орындау;
- статистикалық мәліметтер үшін техникалық деректерді өңдейді.
Орындаушы дербес деректерді автоматтандырылған өңдеудің ғана негізінде Сіз үшін заңдық салдарды туындататын немесе Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді басқа жолмен қозғайтын шешімдерді қабылдамайды.
Осымен Орындаушы Сервисті немесе Қызметтерді Сіз пайдаланған кезде қандай да бір дербес деректерді Орындаушыға ұсыну бойынша ешқандай міндеттемелеріңіздің Сізде жоқтығы туралы Сізді хабардар етеді, ал Сіз растайсыз. Дербес деректерді беру тек қана Сіздің өз еркін ықтиярыңызға негізделген. Сонымен бірге Сіз дербес деректерді бермей, Орындаушының Сізге Сервисті толық көлемде бере алмайтынын, Сіздің Сервисті пайдалануыңызға шектеудің қойылатынын түсінесіз.
5. Сіздің дербес деректеріңіз сақталатын және өңделетін аумақ
Сіздің дербес деректеріңіз Қазақстан Республикасының аумағында жиналады, сақталады және өңделеді.
6. Сіздің құқықтарыңыз
Сіздің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызы сақтауды қамтамасыз ету үшін сіздің өтінішіңіз бойынша Орындаушы:
- Сіздің дербес деректеріңізді жазбаша сұрауды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде өңдеп жатқан-жатпағанын растайды:
- Сізге ол өңдеп жатқан Сіздің дербес деректеріңізді алу көзі және құрамы туралы хабарлайды;
- Сізге Сіздің дербес деректеріңізді өңдеудің құқықтық негіздері, мақсаттары, мерзімдері және тәсілдері туралы хабарлайды;
- егер Сіз дербес деректеріңізді толық еместігін, қате немесе өзекті еместігін растасаңыз, Сіздің дербес деректеріңізге осында растауды алған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде қажетті өзгертулерді енгізеді және Сізді енгізілген өзгертулер туралы хабардар етеді;
- Сізге Сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізуге рұқсаты бар және Сіздің келісіміңізбен Сіздің дербес деректеріңіз ашыла алатын ұйымдардың атауы мен орналасқан жері туралы хабарлайды;
- Сізге Сіздің келісіміңізбен Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу тапсырылуы мүмкін заңды тұлғалардың атауын хабарлайды;
- Сізге Сіздің келісіміңізбен Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу тапсырылуы мүмкін заңды тұлғалардың атауын хабарлайды;
- егер дербес деректерді өңдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа құқықтық негіздер болмаса, келісімді жазбаша қайтарып алуды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді тоқтатады;
- дербес деректеріңіздің заңсыз өңделіп жатқаны расталса, Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді тоқтатады және қабылданған шаралар туралы Сізге хабардар етеді;
- дербес деректеріңіздің заңсыз алынғаны немесе мәлімделген өңдеу мақсаттарына сай еместігі расталса Сіздің дербес деректеріңізді тиісті растаманы алған күннен бастап 7 күннің ішінде жояды және Сізді қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
7. Сұрауларды, шағымдарды қарау. Дауларды шешу
Егер Пайдаланушыда Орындаушыға сұрағы/сұрауы болса және/немесе Пайдаланушы дербес деректерді өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүзеге асырылып жатыр деп есептесе, Пайдаланушы тақырыбы «Дербес деректер туралы сұрау» деп белгіленген хатты info@podkapotom.kz электрондық пошта мекенжайына немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280-ғимарат, пошталық индексі A15G7M6 мекенжайы бойынша поштаға жіберіп, Орындаушыға даулы жағдайды шешу үшін жүгіне алады.
Орындаушы Сізге жауап дайындау үшін қажетті Сіздің сұрауыңызға қатысты қосымша ақпаратты ұсыну туралы Сізге өтініш жасау құқығын өзіне қалдырады. Пайдаланушы сондай-ақ дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне) жүгінуге құқылы.
Орындаушы Пайдаланушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот органдарына жүгінуге құқығы бар екенін хабарлайды.
8. Пайдаланушының құқықтары. Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу
Пайдаланушы Орындаушы жинайтын, сақтайтын, өңдейтін және беретін дербес деректерінің Орындаушыда болуы туралы білуге құқылы.
Пайдаланушы оның дербес деректерінің қалай қолданылып жатқаны туралы білуге құқылы. Дербес деректерді пайдалану мақсаттары, жинау және өңдеу тәсілдері, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу және сақтау мерзімдері туралы барлық ақпаратты осы Саясаттан оқуға болады. Сондай-ақ Пайдаланушылар осы Саясаттағы байланыс деректерін пайдаланып, түсіндірме алу үшін жүгіне алады.
Пайдаланушы дербес деректерді өзгертуді немесе толықтыруды, өзі туралы қате ақпаратты түзетуді сұратуға құқылы.
Кейбір жағдайларда Орындаушы Пайдаланушыдан растайтын құжаттарды сұрата алады.
Егер Пайдаланушы Сервисте тіркелген болса, ол Сервистегі өз аккаунтының тиісті бөлімінде кейбір дербес деректерді өзгерте алады немесе жаңарта алады.
Орындаушының дербес деректерді жинау, өңдеу талаптарын бұзғаны туралы ақпарат бар болған жағдайда Пайдаланушы Орындаушының дербес деректерді бұғаттауын (деректерді жинауды және өңдеуді уақытша тоқтату бойынша іс-қимылдар) талап етуге құқылы.
Орындаушы Пайдаланушының келісімінің негізінде, сондай-ақ осы саясат пен Жария офертада көрсетілгендей басқа негіздер бойынша жиналған дербес деректерді өңдеу және оларды серіктестерге беру құқығын өзіне қалдырады.
Пайдаланушы Орындаушыға «Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді қайтарып алу» деп белгіленген хатты info@podkapotom.kz электрондық пошта мекенжайына немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280-ғимарат, пошталық индексі A15G7M6 мекенжайы бойынша поштаға жіберіп, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімлі жазбаша қайтарып алуды Орындаушыға жолдау арқылы дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы. Талапта субъектінің аты-жөні, телефон нөмірі, эл. Поштасы және/немесе пошталық мекенжайы, өңделуі тоқтатылуға тиіс дербес деректері көрсетілу керек.
9. Дербес деректерді жіберу мерзімдері және тәртібі
Орындаушы басқа тараптармен (үшінші тұлғалармен) дербес деректерімен тек қана заңды негіздер болған жағдайда ғана алмасуға құқылы. Дербес деректерді басқа тараптарға (үшінші тұлғаларға) берген кезде Орындаушы шарт/келісім жасасады және дербес деректерді қорғау және Орындаушының қауіпсіздік, құпиялылық және қорғау стандарттарын сақтау үшін қауіпсіздің механизмдерін пайдаланады.
Орындаушы өзінде сақталып тұрған дербес деректерді:
- оған қосымшаларды, функционалдық мүмкіндіктерді, деректерді өңдеу қызметтерін немесе АТ-қызметтерін ұсынатын шеттегі ұйымдарға бере алады. Мысалы, ақпараттық технологияларды, бұлттық бағдарламалық жасақтаманы сервис ретінде, веб-сайттар хостингі және оларды басқару, деректерді талдау, деректерді резервтік көшіру саласындағы қызметтерді, сондай-ақ деректерді қорғау және сақтау саласындағы қызметтерді және т.б.;
- оған басқа жолмен қызметтерді ұсынуда, тауарларды және/немесе ақпаратты сатуда көмек көрсететін шеттегі ұйымдарға;
- Аудиторларға және басқа кәсіби кеңес берушілерге;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құқық қорғау және басқа мемлекеттік және реттеу органдарына, сондай-ақ басқа уәкілетті органдарға шеттегі ұйымдарға және тұлғаларға;
- қолданыстағы заңнама және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтауын тексеру мақсатымен немесе болжалды қылмысты тергеу, сондай-ақ заңды құқықтарды белгілеу, жүзеге асыру немесе қорғау мақсатында дербес деректерді ашуға уәкілеттік берілген шеттегі ұйымдарға;
- Орындаушының компаниялар тобына кіретін заңды тұлғаларға (Орындаушының бас, еншілес және тел компаниялары).
Орындаушы дербес деректерді Орындаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құқылы болған жағдайларда ғана аша алады.
10. Дербес деректерді өңдеуді тоқтату
Орындаушы сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді мына жағдайларда тоқтатады:
- дербес деректерді өңдеуді тоқтату жағдайлары басталған кезде немесе белгіленген мерзімдер аяқталған кезде;
- оларды өңдеу мақсаттарына жеткен кезде немесе ол мақсаттарға жету қажеттігі жойылған жағдайда;
- егер өңделетін дербес деректер заңсыз алынған болып табылса немесе мәлімделген өңдеу мақаттары үшін қажетті болып табылмаса, Пайдаланушының талабы бойынша;
- өңдеудің заңдылығын қамтамасыз ету мүмкін болмаса, дербес деректердің заңсыз өңделуі анықталған жағдайда;
- егер дербес деректерді өңдеу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ешқандай құқықтық негіздер болмаса, дербес деректерді өңдеуге келісімнің әрекет мерзімі аяқталған соң немесе мұндай келісім қайтарып алынған жағдайда;
- Орындаушы таратылған жағдайда.
11. Дербес деректердің қауіпсіздігі
Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды өңдеу кезінде Орындаушы Дербес деректерді заңсыз немесе кездейсоқ пайдаланудан, жойылудан, өзгертілуден, бұғатталудан, көшірілуден, беруден, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты басқа заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті және жеткілікті құқықтық, ұйымдастырушының және техникалық шараларды қабылдайды.
Сіздің дербес деректеріңіздің барабар қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Орындаушы дербес деректердің қауіпсіздігі бұзылған жағдайда келтірілуі мүмкін зиянды бағалайды, сондай-ақ дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде дербес деректерді өңдеу кезінде деректердің қауіпсіздігіне төніп тұрған өзекті қауіптерді анықтайды.
Орындаушы дербес деректердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша локалды актілерді қабылдады.
Орындаушының дербес деректерге қол жеткізуге рұқсаты бар жұмыскерлері осы Саясатпен және Заңмен таныстырылды.
12. Cookies
Орындаушы cookies файлдарын пайдаланады. Сookies файлдары – бұл сайттарға кірген кезде компьютердің қатты дискілерінде орналастырылатын, сайтардың жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сайт иесінің қалаулары туралы ақпаратты алуына арналған шағын мәтіндік файлдар. Сookies-ң өшірілуі авторландыруды талап ететін сайттың бөліктеріне қол жеткізу мүмкіндігінен айыруы мүмкін.
13. Үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер
Орындаушының сайтында Орындаушы бақыламайтын шеттегі сайттар мен қызметтерге сілтемелер орналастырылуы мүмкін. Орындаушы шеттегі ұйымдардың және/немесе қызметтердің жинайтын кез келген ақпаратының қауіпсіздігі және/немесе құпиялылығы үшін жауап бермейді, сол сияқты Орындаушы үшінші тұлғалардың веб-сайттарының немесе сервистерінің контенті, олардың саясаты, пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу талаптары үшін жауапты болып табылмайды. Үшінші тұлғалардың іс-қимылдарының олардың өз құпиялылық саясаттарымен реттелетінін ескертеміз. Пайдаланушылардан шеттегі ресурстардағы осындай құпиялылық саясаттарымен өз бетінше танысуын сұраймыз.
14. Саясатты өзгерту
Орындаушы осы Саясатқа өз қарап білгенінше бір жақты тәртіппен өзгертулерді және/немесе толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талабын ескере отырып, Пайдаланушылардың келісімінсіз енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгертулер және/немесе толықтырулар ескерілген құпиялылық саясаты, егер Орындаушының Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, оны https://www.podkapotom.kz Сайтында орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.
15. Келісім
Podkapotom.kz Сервисін пайдалана отырып, Пайдаланушы осы Саясаттың талаптарына сәйкес өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге және беруге (соның ішінде трансшекаралық беруге) өз келісімін береді.
Орындаушы Пайдаланушылардың дербес деректерін Қазақстан Республикасынан тыс жерде табыстай алады және сақтай алады. Деректерді трансшекаралық беру кезінде Орындаушы деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.